20.04.2023, 10:30
Оқылды: 46

Түркияда жараланған қазақстандық жайында тың деректер шықты

Сыртқы істер министрлігі қазақстандық жігіттің атысқа мүлде қатысы жоғын мәлімдеді. Оқ оған кіреберіске кірген кезде тиген, деп хабарлайды  Egemen.kz.

7cf06389-d58d-4f1f-bbf3-864c8c2ff719

Фото: sputnik.kz

18 сәуірде Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығына Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оқ тигенін хабарлаған.

Елшілік  бұл мәліметті естігеннен кейін дереу жәбірленушіге барып, оны жергілікті ауруханаға жатқызған.

ҚР СІМ баспасөз қызметі ер адам медициналық тексеруден өткенін, қазір оқты алу үшін жасалатын операцияны күтіп жатқанын, жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Қазір жәбірленушінің жанында әйелі бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандық азамат жергілікті тұрғындар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны болған.

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале