Қазақстандық құтқарушыларды тағы бір объектіге тарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің telegram каналында хабарланды. Министрлік іздестіру жұмысының видеосын да жариялады.
Фото: видеодан скрин
Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй.
Бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы сигнал берді.
Джейкобтың сигналы негізінде “тыныштық минутын” жариялау туралы шешім қабылданды.
Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге арналған. Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді.