8.12.2017, 19:06
Оқылды: 55

Тұрсынбек Қабатов: ««Рухани жаңғыруды» стереотипті жою ретінде қабылдаймын»

Бүгін Оралда ТЕD Talks форматында өткен пікірталасқа өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов та қатысты.

 Ортаға шыққанда көпшілік қошеметпен қарсы алған танымал жерлесіміз Тұрсынбек Қабатов рухани жаңғыруды стереотипті жою ретінде қабылдайтынын айтты.

-Қазір бізде мындай бір стереотип бар. Кім Елбасын жамандаса, Үкіметті сынаса, әкімге қарсы шықса - сол батыр. Ал мақтасаң «ой бұл жағымпаз» деп шыға келеді. Біз осындай қылықтардан арылуымыз керек,-деді Тұрсынбек Қабатов.

- Бұрын түрлі бағдарламар шыққанда қасында міндетті түрде орысша аудармасы болатын еді. Мұнда жоқ. Ол орысша да «Рухани жаңғыру». Бүгін өзімінің туған өлкеме, мынадай әдемі мектепке, тамаша шараға келіп, қуанып отырмын. Сахнада, қабырлардағы безендірулерде бірде-бір орыс сөзі жоқ. Мұның өзі рухани жаңғыру!»

Шара барысында сондай-ақ даңқты жерлесіміз, альпинист Мақсот Жұмаев, Мұхтар Манкеев, Нұрлан Өтешев те аталмыш бағдарлама турасында өз ойларларын айтып, соның аясында атқарып жатқан іс-шаралары жөнінде пікір өрбітті.

mankeev DSC_2591 oteshevСәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале