26.10.2022, 17:45
Оқылды: 53

Тұтынушы кредит көлемі бір жылда 21% өскен

Жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттерге деген сұранысының артуы инфляцияға әсер етіп отыр. Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, бұл да базалық мөлшерлемені 16 пайыз етіп белгілеуге себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

«Мұнай бағасының жоғары болған кезде белсенді фискалдық саясат ақша массасының өсуіне ықпал ету арқылы инфляцияға әсерін тигізеді. Жыл басынан бері ақша массасы 7,9% немесе 2,4 трлн теңгеге өсті. Мемлекеттік бюджет шығысы инфляциядан асатын жылдам қарқынмен өсуде.

Инфляциялық процестердің өсуі аясында тұтынушылық сұраныс параметрлерінің тұрақты динамикасы сақталуда. Номиналды бөлшек сауда айналымының көлемі 2022 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Сұраныс тарапынан жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттерінің өсуі қосымша проинфляциялық қысым тудырады. 9 ай ішінде тұтынушылық кредит өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға өсті», - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның мәліметі бойынша, жылдың 9 айында жалпы ішкі өнімнің өсуі біздің болжамымызға сәйкес қалыптасып, 2,8% болған. Ал тау-кен саласындағы әлсіз динамика іскерлік белсенділікті баяулатқан.

«Ол еліміздің негізгі кен орындарына жөндеу жүргізумен және Қашаған зауытындағы апатпен байланысты. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, ақпарат және байланыс, көлік салалары және ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің өсуіне оң үлес қосуда.

Экономиканың даму динамикасының біздің болжамымыздан ауытқуы байқалмайды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі қалыптасқан баға конъюнктурасы және жыл соңына қарай мұнай өндірісінің өсу қарқынының қалпына келуі аясында ішкі сұраныс пен нақты экспорттың оң траекториясымен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл ретте Қазақстан экономикасының орнықты дамуына кедергі келтіретін тәуекелдер өсіп келе жатқан инфляциялық процестер тарапынан қалыптасуда», - деді Ғалымжан Пірматов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале