21.06.2023, 16:00
Оқылды: 46

Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы заңға өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында қабылданған жаңа өзгерістерге сәйкес тауарларды сату, қайтару және ауыстыру бойынша талаптар жетілдірілді.

ЖП

Сатушының жауапкершілік аясы кеңейтілді. Соның ішінде 4-тарау Заңның сатушының (өндірушінің, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылар арасында дауларды сотқа дейінгі реттейтін субъектілер жайлы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттерін реттейтін 33-1-бабымен толықтырылды.

Сатушы (өндіруші, орындаушы) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнында уәкілетті орган мен тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттейтін субъектілердің байланыс деректерін (мекен-жайы мен телефон нөмірі), сондай-ақ тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

Сатушы (өндіруші, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орнында міндетті түрде жариялануы тиіс.

Электрондық коммерция арқылы өнімді сату (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылардың дауларын сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекен-жайлары мен телефон нөмірлері) туралы мәліметтерді уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме жасай отырып, сондай-ақ тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жариялануы тиіс.

Сатушы (өндіруші, орындаушы) қолданатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекен-жайы мен телефон нөмірі) жайлы ақпарат болуы тиіс екенін ұмытпаған жөн.

Гүлжайна Бекқалиева,

Орал қаласының

 №2 соты әкімшісінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале