Тұз - адам рационындағы ең көне және қажетті өнімдердің бірі. Онсыз біздің денеміздегі бірде бір жасуша қызмет ете алмайды. Бірақ кез келген оқиғадағы сияқты, доза бәрін шешеді.


Тұздың пайдасы:
- Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды.
- Жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.
- Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидың жұмысына қажет.
- Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Тұз зиянды бола бастаған кезде:
- Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.
- Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күштүсіруі мүмкін.
- Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупінарттырады.
- Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормадан қалай асып кететінімізді байқамаймыз.
Қанша тұз қажет?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз.

Кеңес:
- Тамаққа тұзды көп салмай, тұзды дәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.
- Қаптамадағы өнімнің құрамын оқыңыз – тұз мөлшеріне назар салыңыз.
- Егер созылмалы аурулар болса – тұз тұтынуды бақылау өте маңызды.
Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жауемес. Барлығы тепе-теңдікке байланысты.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі