15.05.2025, 15:45
Оқылды: 446

Тұз: Бізге дос па, жау ма?

 

Тұз - адам рационындағы ең көне және қажетті өнімдердің бірі. Онсыз біздің денеміздегі бірде бір жасуша қызмет  ете алмайды. Бірақ кез келген оқиғадағы сияқты, доза бәрін шешеді.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 13.06.05

WhatsApp Image 2025-05-15 at 13.05.32

Тұздың пайдасы:

- Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды.

- Жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.

- Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидың жұмысына қажет.

- Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 13.05.00

Тұз зиянды бола бастаған кезде:

- Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.

- Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күштүсіруі мүмкін.

- Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупінарттырады.

- Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормадан қалай асып кететінімізді байқамаймыз.

Қанша тұз қажет?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 13.04.27

Кеңес:

- Тамаққа тұзды көп салмай, тұзды дәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.

- Қаптамадағы өнімнің құрамын оқыңыз – тұз мөлшеріне назар салыңыз.

- Егер созылмалы аурулар болса – тұз тұтынуды бақылау өте маңызды.

Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жауемес. Барлығы  тепе-теңдікке байланысты.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале