27.05.2022, 15:00
Оқылды: 36

Twitter акционерлері Илон Маскты сотқа берді

Twitter акцияларының иелері Илон Маск пен компанияны сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

220527154625307e

Инвесторлардың айтуынша, миллиардер мәміледен бас тарту немесе сатып алу бағасын айтарлықтай төмендетуге келісу үшін Twitter акцияларының бағасын түсіруге тырысуда. Компанияның акциялары қазірдің өзінде 12% -ға төмендеп кеткен.

Маск Twitter-ді сәуір айының соңында 44 миллиард долларға сатып алуға келіскен болатын. Бірақ кейін әлеуметтік желідегі боттардың санына қанағаттанбағандықтан, мәмілені тоқтатты.

Еске салсақ, Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алатыны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале