9.11.2022, 10:30
Оқылды: 46

Twitter әлеуметтік желісі ақылы болуы мүмкін

Америкалық миллиардер Илон Маск Twitter-ді ақылы әлеуметтік желіге айналдыру жолын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

a85fe73973a24b029517c0b90bd4ac65

Platformer порталының жазуынша, Маск пен оның кеңесшісі Дэвид Сакс ақырғы кездесуінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың көбіне немесе барлығына ақылы ету идеясын талқылаған. Мысалы, әлеуметтік желі пайдаланушыға шектеулі уақыт ішінде тегін болуы мүмкін, содан кейін оған бетті жүктеу үшін жазылым қажет болады.

Әзірлеушілер тобы қазір әлеуметтік желінің ақылы премиум-нұсқасын жасаумен айналысып жатқандықтан, бұл жаңалық жақын арада ене қоймауы мүмкін екенін жазыпты басылым.

 27 қазанда Маск осы аттас әлеуметтік желіге ие Twitter-ді сатып алу туралы мәмілені жапты. Кәсіпкер Twitter модерация мәселесін зерттейтін арнайы кеңес құрып жатқанын хабарлады.

Миллиардер әлеуметтік желі қызметкерлерінің 50%-ға жуығын, оның ішінде контент модерациясына жауапты команданың 15%-ын жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған-ды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале