13.07.2025, 16:30
Оқылды: 293

ТЖМ басшысы БҚО-дағы «Кублей» және «Зенит» кәсіпорындарына барды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі «Зенит «Орал зауыты» АҚ кеме жасау зауыты мен «Кублей» ЖШС тамақ өндірісі атты екі негізгі кәсіпорынға барды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

IMG_6074

ТЖМ басшысы шағын және орта кемелерді құрастыруға маманданған «Зенит» зауытында өндірістік процеспен танысып, құтқару және шұғыл қызметтер бөлімшелерін жарақтандыру тұрғысында кәсіпорынның әлеуетін талқылады.

IMG_6075
Консервіленген өнім шығаратын «Кублей» кәсіпорнына сапар барысында мемлекеттік материалдық резервке жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

IMG_6076

Сатып алу шарттары, логистика және стратегиялық азық-түлік қорларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Шыңғыс Әрінов еліміздегі азаматтық қорғау жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін отандық өндірушілермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале