26.05.2025, 11:30
Оқылды: 156

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті «Қауіпсіздік отбасыңнан басталды!» челленджін бастады

Акция «Қазақстан балалары» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті

cb2519acabd1c75922641a118b8990ff_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы челлендж балалар мен ата-аналардың қауіпсіз мінез-құлық мәселелері мен патриоттық тәрбиенің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Қауіпсіздік пен патриотизм мәдениетін арттыру әркімнің ерте жастан бастап белсенді қатысуын білдіреді. Бұл мәселеде отбасы шешуші рөл атқарады.

Өртке қарсы қызмет комитеті қауіпсіздік туралы білімді отбасылық дәстүрлерге енгізуді қолдайды және эстафетаны азаматтық қорғаныс комитеті мен әскери бөлімдерге береді.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖМ балаларды қорғау күнін ауқымды мерекелеудің республикалық онкүндігіне қатысады. ТЖМ іс-шаралары 29 мамырда «Балалар қауіпсіздігі - басты назарда!» ұранымен өткізіледі.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале