Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 65 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов хабарлады.
Фото: ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі»
Оның айтуынша, суға батып қайтыс болғандардың 85% рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр.
«ТЖМ рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда демалу қажет екенін тағы да еске салады! Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ және меморгандардың сайттарында орналастырылған. Сондай-ақ 2GIS платформасын пайдалана аласыз», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында.
Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларда әкімдердің шешімдерімен 708 рұқсат етілген және 5 мыңға жуық шомылуға тыйым салынған орындар бекітілген. Барлық тыйым салынған учаскелер ескерту белгілерімен жабдықталған, мұндай жерлерде шомылған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Жүргізілген профилактикалық іс шаралар кешенінің нәтижесінде шомылу маусымының 2 айында еліміздің су айдындарында қаза тапқандардың санын былтырғы жылмен салыстырғанда 23 адамға азайтуға мүмкіндік туды», - деді ведомство өкілі.