25.07.2023, 14:45
Оқылды: 77

ҰБТ-да талапкердің компьютеріне қашықтан қосылып, көмектескен күдіктілер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді және педагогтердің білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

e4b78c47b35ecaca5b5be8e801ea6ef6_1280x720

Серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жетімдіктерін пайдаланып, күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың қызығушылық танытқан компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тесттен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен.

19 шілдеде үш негізгі күдікті ұсталды.

30f93319c0c0031437cd13816b1b9a50_1280x720

Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу») және 210 баптары («Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Еске сала кетеййік, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін алты адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале