11.08.2023, 9:45
Оқылды: 46

«UFC шектеу қойды». Асу Алмабаев келесі жекпе-жекке қашан шыға алатынын айтты

Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін тезірек өткізгісі келеді. Бұл туралы спортшының өзі Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

cbcf56c3-61da-4e70-b2cb-727c9ae64406

Фото: instagram.com/asu_zulfikar57/

- Бірден Сингапурда айқасқым келді (26 тамызда). Бірақ қабағым жарылып, аяғымда жарақат... Сингапурда өтетін турнирге жекпе-жекке шығарыңдар деп сұрағымыз келді. Кіммен болса да. Бірақ UFC өкілдері 30 күн жаттығуға болмайтынын айтты.

- Мүмкін Әбу-Дабидегі турнирге сұранып көруге болатын шығар?

- Қазір Әбу-Даби барлық билет сатылып кетті. Ол жерде өте атақты спортшылар шығады. Олардың арасында менің атым еленбейді. Одан да Америкада өнер көрсетейін. Менеджермен сөйлестім - Нью-Йорктегі турнирге болады дейді, ол жерде Джон Джонс та өнер көрсету керек. Міне осындай турнир маған болады. Дайындыққа да үш ай уақытым бар. Көреміз, бәрі менеджерге, промоушенге байланысты.

Еске салайық, Алмабаев промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 6 тамыз Нэшвиллдегі UFC on ESPN 50 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале