8.01.2021, 20:23
Оқылды: 20

Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні кітапхана ұжымымен кездесу өткізді

 

Бүгін, 2021 жылдың 8 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар мен Жаңабек Жақсығалиев Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымымен кездесу өткізді.

кит1

Өңірдің тарихи, мәдени, рухани дамуының ұйытқысы болып жүрген аталмыш мекемелерде өткен ашық кездесулерде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін жасақталған бағдарламасына түсіндірулер беріліп, үміткерлерге ұсыныс-тілектер жолданды.

Сонымен қатар, мұражайлар мен кітапханалардың алдағы цифрлы Қазақстандағы жағдайлары туралы айтылып, инновациялық жаңғырту механизмдері жөнінде ұсыныс-пікірлер талқыланды.

кит2

Кездесу соңында үміткерлер мәдениет саласының ұжымын 10 қаңтар күні өтетін сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үндеді.

Еске сала кетсек, үгіт-насихат жұмыстары бүгін сағат түнгі 23:00-ге дейін ғана жалғасатын болады.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале