20.05.2026, 15:00
Оқылды: 41

Уильям Руто Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2023 жылы Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында кездескенін атап өтті

Ол осы жүздесу екі елдің арасында 1993 жылы қаланған қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға негіз болғанын жеткізді, - деп жазады akorda.kz

5220056209241611155

– Президент мырза, Найроби қаласында тұрақты елші тағайындау туралы шешіміңіз Сіздің және Үкіметіңіздің Қазақстан мен Кения арасындағы байланыстарды ілгерілетуге маңыз беріп отырғандарыңызды байқатады. Менің сапарым – елдеріміздің ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін нақты қадам. Оған еш күмән жоқ. Өзара сауда-саттықты арттыру бағытында айтарлықтай әлеуетіміз бар деп ойлаймын, – деді Кения Президенті.🟦

Тараптар сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен өндірісі, жаңартылатын энергия көздері, ақпараттық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш, қаржы және туризм секілді салаларда серіктестікті нығайту перспективасын талқылады.🟦

Мемлекеттер басшылары мәдени-гуманитарлық бағытта жоғары оқу орындарының арасында тығыз байланысты жолға қоюға, туризм бастамаларын өзара қолдауға және биоалуантүрлілікті сақтау ісінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале