30.06.2022, 12:15
Оқылды: 1

Уимблдон жасөспірімдер турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші өнер көрсетеді

Қазақстандық Жанель Рүстемова Уимблдон жасөспірімдер турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220630125124597e (1)

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, осылайша «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу сайысында тағы бір қазақстандық спортшы ойнайтын болды.

Аружан Сағындықова алғашқы айналымда ұлыбританиялық Софья Джонсонмен шеберлік байқасады.

Сандуғаш Кенжебаева тағы бір корт иесі Руди Куллингтен өтуге тырысып көреді. Ал Жанель Рүстемованың қарсыласы - үндістандық Шрути Ахлават.

Бірінші айналым матчтары бүгін басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале