19.10.2022, 9:32
Оқылды: 70

Үй жөндеп жатқан ерлі-зайыптылар $852 мың тұратын сирек монеталарды тауып алды

Англияда ерлі-зайыптылар жөндеу кезінде асүйінен сирек кездесетін монеталар жатқан құпия орынды тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

3

Аукционшы және «Spink and Son» британ монеталары бойынша маман Грегори Эдмунд оларды Солтүстік Йоркширде тұратын жұп кездейсоқ тауып алғанын хабарлады.

2019 жылы олар 18 ғасырда тұрғызылған үйінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда электр кабелінің бір бөлігіне тап болдық деп ойлаған.

Сирек монеталар коллекциясы жақында аукционда 852 380 долларға сатылды.

Британдық «The Yorkshire Post» газетінің хабарлауынша, монеталар Мейстер саудагерлер отбасымен байланысты болған.

Монеталар 1610-1727 жылдар аралығында шығарылған. Ол король I Яков пен король I Георг басқарған кезеңге сәйкес келеді.

Бұл кезеңде Сара Мейстер мен Джозеф Фернли отбасын құрған. «The Sun» басылымына сәйкес, Дж. Фернли 1725 жылы қайтыс болған, ал С. Мейстер 1745 жылы қайтыс болғанға дейін осы ауданда тұрған.

200 жылдан астам уақыттан кейін Йоркширдегі ағылшын жұбы жасырын қазына тапты.

 

Фото: www.nbcnews.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале