9.08.2023, 16:15
Оқылды: 52

Үйінің ауласына 60 түп қарасора еккен тұрғын анықталды

БҚО ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

ЖП Полиция (3)

Шара барысында қала жанындағы Коминтерн ауданындағы бір үйдің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас өсімдік табылған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үй 1990 жылы туған тұрғынға тиесілі. Ал өсімдіктің өсіріп, бапталғаны көрініп тұр

Табылған өсімдік сараптамаға жолданған. Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың биіктігіндей өскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале