Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан СмайыловСенат отырысынан кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында айтты.
Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға БЖЗҚ-дан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты.
Аталған сұраққа Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында жауап берді.
Премьер-Министрдің айтуынша, БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің сақталуын және арттыра түсуін қамтамасыз ету. Ол үшін тиісті инвестициялық стратегия қабылданды.
«Салымшылардың активтерін кіріс әкелетін қандай да бір құралдарға қаражат салу арқылы көбейтуге болады. Бұл ретте процесті нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі көздерді, соның ішінде БЖЗҚ қаражатын да қарастырып отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.