6.11.2024, 18:00
Оқылды: 33

Үкіметте мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Еліміздің бірқатар өңірінде оңалту орталықтары ашылады

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды.

IMG_0949

Сурет: Үкімет

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам тіркелген. Үкімет аталған санаттағы азаматтарды қолдау шаралары кешенін іске асырып келеді. Осыған орай, Әлеуметтік кодекс қабылданды, Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұдан басқа, мүгедектікті ресімдеу тәртібі жеңілдеп, проактивті форматқа ауыстырылды, қазір сырттай тағайындалады. Әлеуметтік қызметтер көрсету порталының арқасында бүгінде мүгедектігі бар адамдар қажетті техникалық құралдар мен оҢалту қызметтерін таңдау мүмкіндігіне ие болып отыр.  

Өңірлерде Оңалту орталықтары ашылуда. Өткен жылы Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Батыс Қазақстан облысындағы Орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ақтөбе облысы әкімдігіне Оңалту орталығының құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды. Осындай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар жандарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Осы санаттағы азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп келеміз», — деді Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале