12.10.2022, 12:47
Оқылды: 46

Украинадағы Қазақстан Елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі - министрлік

Украинадағы Қазақстан Елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221010204915821e

«Атап айтқанда, ол елде сапармен жүрген азаматтардың сақтық танытуына қатысты тиісті үндеу жасалған болатын. Сонымен қатар, біздің Елшіліктің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп, ел азаматтарының мүддесін қорғауға қатысты іс-шаралар атқарылады. Мұнымен қоса, дипломаттардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр», - деді Роман Василенко Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Киевтегі Қазақстан Елшілігіне зақым келтірілмеген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 қазан күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты сұрақа жауап берді.

Осы орайда ол Украинадағы Қазақстан азаматтарының саны нақтыланып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Елшілік қызметкерлері осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале