25.02.2022, 11:40
Оқылды: 29

Украинадан қазақстандықтар арнайы рейспен 26 ақпанға қараған түні ұшып келеді

Air Astana әуе компаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен алып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

6f4180d4027042df91a21396b8c996c0

Рейс Катовицеден 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшады. Жолаушылар рейске Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша тіркеледі.Эйр Астана

Еске салайық, эвакуациялау үшін қазақстандықтар 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша еліміздің Құрметті консулдығы ғимаратында жиналуы керек. Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале