16.03.2022, 9:15
Оқылды: 36

Украиналық босқындар саны артты - БҰҰ

Соғыс басталғаннан бері Украинадан үш миллион босқын кетті. Бұл туралы БҰҰ босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди  Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_96059

"Бүгін тағы бір қорқынышты кезеңді еңсердік: Украинадан үш миллион босқын кетті. Соғыс тоқтауы керек. Дәл қазір", - деп жазды Филиппо Гранди.

Процестің ауқымы мен жылдамдығына сай, БҰҰ бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көші-қон дағдарысы деп атады. Сонымен қатар, Euronews мәліметінше, шетелде жүрген украиналық босқындардың жартысына жуығы - балалар.

"1,4 миллион бала. 36 сағат бұрын келген кейінгі мәліметтерді ескерсек, 18 күнде бір жарым миллион болған. Шамамен 73 мың (күн сайын) шығады, ал әр минут сайын 55 бала немесе әр секунд сайын бір бала кетеді", - деді ЮНИСЕФ өкілі Джеймс Элдер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале