30.04.2021, 0:09
Оқылды: 94

Украинаны азат еткен

Адамзаттың жүрегіне ауыр жара салған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл толады. Уақыт қатал. Бүгінгі ұрпақ – біздің бақытты өміріміз үшін майдан даласында қан төккен сарбаздар қатары күн өткен сайын сиреуде. Көзі тірісінде оларға құрмет көрсету – перзенттік парызымыз.

Аникин1

Сондай Жеңіс сарбаздарының бірі – жерлесіміз Владимир Аникин. 1927 жылдың 13 шілдесінде бұрынғы Зеленов, қазіргі Бәйтерек ауданының Богатск ауылында өмір есігін ашқан кейіпкеріміз ашаршылық, ұжымдастыру секілді сол дәуірдің аласапыран оқиғаларына куә болды. Сол себепті еңбекке ерте араласты, механизатор мамандығын меңгеріп, трактор тізгінін ұстап, шөп шапты, егін екті. Соғыс алдында Удмуртияға көшіп, сол жерден қызыл әскер қатарына алынды.

Владимир Алексеевич – Украинаны жаудан азат етуге қатысқан қаһарман жауынгерлердің бірі. Соның дәлеліндей, майдангердің кеудесінде күні бүгін «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары жарқырайды. Қазір қарт жауынгер Орал қаласында тұрады.

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале