4.07.2022, 18:59
Оқылды: 124

Ұландықтар арасындағы біріншілік   

Ақтөбе шаһарында орналасқан 6655-әскери бөлімнің «Ақжар» оқу-жаттығу орталығы базасында әскерилер арасында оқ атудан ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті. Бұл аталмыш сайысқа Ақтөбе, Атырау, Орал және Ақтау гарнизонының командалары қатысты.

E25CEDF2-121A-4C7B-BFDE-4F736BE72414

   Екі күнге созылған тартысты бәсекеде жалпыкомандалық есеп бойынша Ақтөбе қаласының 6655-әскери бөлімі көш бастаса, жүлделі екінші-үшінші орындарды 5517 және 3502-әскери бөлімдері иеленді. Ал енді әскери жасақ құрамындағы командалық есепте атыраулық бөлім (5546) жеңімпаз атанса, екінші орын ақтаулықтарға (6656) бұйырды. Үздік үштікті ақтөбеліктер (6655) түйіндеді.

   Бұдан кейін Ұлттық ұланның қыз-келіншектері арасында «ПМ-1» және «АК-2» жаттығулары бойынша ату шеберліктері сыналды. Бұл мергендер сайысының екеуінде де Эльмира Құлқаеваға (Ақтөбе қаласы) тең түсер жан болмады. Келесі кезектегі «ПМ-6» жаттығуында бірінші орын капитан Мағжан Боранбайға (6655 әскери бөлімі, Ақтөбе қаласы) бұйырса, «АК-3»-те сержант Роллан Қажығалиев (3502 әскери бөлімі, Ақтау қаласы) алтын медальға қол жеткізді. «АК-2»-де аға сержант Серік Байтұровтың (Ақтөбе қаласы), винтовкамен мергендікте кіші сержант Азамат Нұрғалиевтің (Орал қаласы) мерейлері үстем болды.

  Барлық жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен медальдар және ҚР  Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бағалы сыйлықтары табыс талды.

                                     Бақытжан Ордабаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале