3.11.2022, 16:00
Оқылды: 129

Ұландықтар іздеуде жүрген қыз баланы ата-анасына табыстады  

 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Атырау қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете жүріп, тәулік бойы іздеуде жүрген жасөспірім қызды тауып, анасына табыстады.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 15.25.07

Оқиға кеше сағат 18.30 шамасында орын алған. Атырау қаласының «А» есімді тұрғыны өзінің 16 жастағы қызының 1 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмағандығын полицияға хабарлайды.

Кеше таралым барысында полиция қызметкерлері ұландықтарға жоғалған қыздың сыртқы сипаттамасын жеткізеді.

Сол күні сағат 18.30 шамасында «Арбат» саябағы маңында жауынгерлік қызметтерін атқарып жүрген әскери жасақ бастығы, кіші сержант Шалқар Сабырғалиев, патрульші, қатардағы Мақсат Қолбаев және Жасұлан Самигуллиев полиция қызметкерлері берген бағдарға ұқсас қыз баланы байқап қалып, сұрастыра келе іздеуде жүрген қыз екенін анықтайды.

Дереу жас жеткіншекті жақын жерде орналасқан полиция қызметкерлерінің тіркеу пунктіне алып барып, анасына хабарласып, қызының табылғанын айтады.

Оқиға орнына жылдам жеткен қыздың анасы қатты қуанып, ұландықтарға ризашылығын білдірді.

Әубәкір Ертуған,

капитан,

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале