1.09.2023, 14:30
Оқылды: 10

Ұландықтар Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайды

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын қолдайды. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлайды.

5EDD4AFD-C48B-41DE-A3C4-6B919C10380E

Мемлекет басшысының Жолдауында мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуші Қарулы күштерді жаңа бронды техникалармен қамтамасыз етуді сонымен қатар көптеген маңызды бастамалар мен басым бағыттар айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Жолдауда айтылған міндеттердің нақты мерзімдерін белгіледі.

D39DFF58-E980-42CA-8AB0-ECFF51BB8BEB

– Біз, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өз кезегімізде өз Отанымызға адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының талаптарын мүлтіксіз орындап, еліміздің дамуына өзіміздің үлесімізді қосуға әркез дайынбыз. Осы Жолдаудың барлық талаптары мемлекетіміздің алға қарай дамуына өз ықпалын береріне сенімдімін, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының офицері майор Артур Ажикенов.

Алдағы уақытта өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің барлық жеке құрамына Президент Жолдауы ақпараттандыру сағаты кезінде мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында арнайы оқытылып насихатталатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале