29.11.2023, 17:15
Оқылды: 65

Ұландықтар өңір жастарына әскери қызмет туралы айтып берді

 

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы «Ұлттық ұлан – ел айбыны» акциясы аясында жауынгер рухы мен жігерін арттыратын мәдени танымдық іс-шараларды БҚО-дағы жоғарғы оқу орындарының студенттері және мектеп бітіруші түлектерімен кездесулер өткізіліп, әскери оркестрдің концерттік бағдарламасын ұсынды.

cb36f073-1fd7-4ec4-a57b-f114343deb50

Ақпарат-насихаттық тобының негізгі мақсаты жастарды Отан сүйгіштікке, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Ұлттық ұлан әскер қатарына қызметке шақыру, Ұлттық ұланның Петропавл қаласында орналасқан әскери академиясына оқуға түсу талаптарын түсіндіру. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметі мен әскери дәстүрін дәріптеу.

e88396b1-5d6a-45cd-a433-b71a60eec9e9

Осы сапар барысында мекемелер мен ұжым басшылары, қызметкерлері, жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер өткізіп, кездесу соңы 5517 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрінің мерекелік гала-концерттік бағдарламасына ұласты.

Акцияға жиналғандар алдында 5517 әскери бөлімінің офицерлері сөз сөйлеп, Ұлттық ұланның атқаратын міндеттері және әскери оқу орнына түсу талаптары туралы айтты.

Шара барысында мультимедиа арқылы жас азаматтардың Ұлттық ұлан әскерлерінің қызметіне қызығушылығын арттыруға бағытталған «Мемлекеттің ішкі күші» атты бейнекөрсетілімді тамашалады.

Әубәкір Ертуған,

капитан

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале