29.03.2024, 15:00
Оқылды: 55

Ұландықтар су тасқынына қарсы бөгет салып жатыр

Еліміздің көптеген аймағында су тасқыны болып жатқаны мәлім.

Қазіргі уақытта апатты жағдай Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өте жоғарғы деңгейде белең алып отыр.

WhatsApp Image 2024-03-29 at 12.33.38

Атап айтар болсақ қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы бір қатар елді мекен мен ауданда төтенше жағдай жарияланып6 адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.

WhatsApp Image 2024-03-29 at 12.33.47

Бүгінгі таңда құтқарушылар, қатар еріктілер және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері де көмектесіп жүр.

Бүгін Ұлттық ұлан сарбаздары Асан ауылына аттанған болатын. Қазіргі уақытта Асан ауылындағы су тасқынына төтеп беру үшін 100-ге жуық ұландық қызмет етіп, 1200-ден аса құм салынған қапшықтан бөгет салып жатыр.

Ұлттық ұлан әскерлері бүгінгі күнге дейін үш рет құтқару жұмысына белсене ат салысты.

 

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале