30.05.2023, 12:15
Оқылды: 51

Ұландықтар жоғалған баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды

Күн сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлері Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің барлық қаласында қоғамдық тәртіп пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ұландықтар Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп жоғалған баланы тауып алды.

PHOTO-2023-05-30-11-17-01

Бұл оқиға 26 мамыр күні, сағат 21.30 шамасында болған. Орал қаласының тұрғыны қаладағы мәдениет және демалыс саябағында ойнап жүрген үш жастағы қызын таба алмай, саябақты аралап, іздейді. Осы сәтте демалыс саябағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтарды көріп, дереу қастарына келіп болған мән-жайды айтып түсіндіреді. Ұландықтар ақпаратты барлық әскери жасаққа жеткізіп, азаматтың өтініші бойынша бағдар алып, шұғыл іздеуге кіріседі. Арада жарты сағат өткенде әскери жасақ бастығы қатардағы Ислам Еділбаев, қатардағы патрульші Азат Абдусубанов жылап жүрген қызды байқайды.

Жанына жақындап, сұрастыра келе, оның адасып жүргенін анықтайды. Әскери қызметшілердің жедел әрекеттерінің арқасында табылған бала жақын маңдағы полиция пунктіне жеткізілді. Баласымен аман-сау қауышқан қыздың әкесі тәртіп сақшыларына шексіз ризашылығын білдірді.

Ертуған Ержігіт,

капитан

ҚР ҰҰ «Батыс өңірлік қолбасшылығының»

баспасөз қызметінің бастығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале