23.02.2026, 19:00
Оқылды: 16

Ұландықтар жоғалған телефонды иесіне қайтарды

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық пен жедел әрекеттің жарқын үлгісін көрсетті.

adf0064e-62b9-4430-a9a8-b49b1729b0b5

Күнделікті жауынгерлік қызметін атқарып жүрген әскери жасақ кешкі сағат 17:00 шамасында жоғалған ұялы телефон туралы хабарлама алады. Ақпарат радиобайланыс арқылы түскен сәттен бастап, әскери жасақ бастығы ефрейтор Нұрдәулет Жұбанов жағдайды дереу бақылауына алып, телефонның маркасы мен түсін нақтылайды.
Нақты мәліметтер алынғаннан кейін іздестіру шаралары жедел түрде ұйымдастырылды. Нәтижесінде араға он минуттай уақыт салып, жол жиегіне түсіп қалған ұялы телефон табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Орал қаласының тұрғыны әскери қызметшілердің кәсіби әрі жылдам әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале