Ұлттық банктің фирмалық бланкін пайдаланып, жалған құжат жолдаушы алаяқтар көбейген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Ұлттық арна.

Сурет: freepik.com
Келтірілген деректерге сай, қаскөйлер Ұлттық банк атынан жалған хат жолдайды.
Онда тұтынушы алаяқтың құрбаны болғанын хабарлайды. Алаяқтан қаражатты қауіпсіз түрде қайтару үшін ақша аудару процесінен өтуге кеңес береді.
Интернет алаяқтары мұндай хабарламаны WhatsApp, электронды пошта арқылы таратады.
Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, хабарлама келген жағдайда байланыс орталығына 1477 нөміріне хабарласу арқылы нақтылауға шақырады.