14.12.2022, 13:00
Оқылды: 48

Ұлттық қордан балаларға арналған қаржы қандай шотқа аударылады – Вице-министр түсіндірді

2024 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ есепшоттары ашылады. Мұнда жыл сайын Ұлттық қор табысының бір бөлігі аударылып отырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Ұлттық қор табысы қандай шотқа аударылатынын түсіндірді.

"Шоттардың операторы "БЖЗҚ" АҚ болады. Келесі жылы бастаманы жүзеге асыру үшін қажетті заңдық өзгерістерді қабылдау жоспарланып отыр", – деді Жақсылықов үкімет отырысында.

Вице-министрдің пайымдауынша, шоттағы қаржыны балалар 18 жасқа толған соң ғана қолдана алады.

Еске салайық, қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын балалардың шотына аудару туралы бастама көтерген еді. Жиналған ақша үй сатып алуға немесе білім алуына жұмсалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале