Бүгін Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: kazsports.kz
Алғашқы жарыс күні Ұлттық құрама 2 жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Әуелі топтық жаттығудан көпсайыста 57.950 ұпай, сосын 5 шығыршықпен өнер көрсетуде 31.900 ұпай жинап, екеуінде де Аустралия-2 құрамасынан кейінгі сатыға жайғасты.
Ал 3 лента және 2 доп жаттығуында төрешілерден 25.700 балл алып, жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыға тұрақтады. Команда сапында Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, София Ан, Мария Корниенко, Аяулым Кәдір өнер көрсетті.
София қаласындағы жарыс 7 сәуірде аяқталады.