Алматы облысында Ұлттық мектеп лигасының 5-6 сыныптар арасындағы республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Оған еліміздің 15 облысы мен 3 қаласынан 750 оқушы жиналды.
Лигада 2 000-ға жуық оқушы 10 спорт түрі бойынша жарысады: баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық - асық ату, жеңіл атлетика.
Қорытынды есеп 6 маусым күні белгілі болады.