17.05.2023, 18:00
Оқылды: 48

Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Алматы облысында Ұлттық мектеп лигасының 5-6 сыныптар арасындағы республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Снимок экрана (33)

Оған еліміздің 15 облысы мен 3 қаласынан 750 оқушы жиналды.

Лигада 2 000-ға жуық оқушы 10 спорт түрі бойынша жарысады: баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық - асық ату, жеңіл атлетика.

Қорытынды есеп 6 маусым күні белгілі болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале