4.09.2024, 10:45
Оқылды: 32

Ұлттық робототехника жарысында оралдық зияткерлер жүлделі болды

Алматы қаласында өткен «WRO–2024» Ұлттық робототехника жарысында оралдық зияткерлер бірнеше жүлдені қанжығаға байлады. Бұл жөнінде Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

8689DF46-D4EA-44A0-A769-99C5AA2DD7F9

«Future Innovators Senior» секциясы бойынша шәкірттеріміз Махамбет Өтепқали мен Нұрсұлтан Зинуллин II орынға ие болса, «Future Innovators Junior» секциясынан Таир Уашев пен Нұрымхан Беркін де ІІ жүлделі орынды еншіледі.

5EE3D4DA-836E-4861-9486-B5F8090D5822

Балалар «Tazalyq» қоқыс сұрыптау машинасы мен атмосфералық ылғалдан су өндірудің озық технологиясын қолданатын робототехникалық құрылғы «AquaAeris» жобаларын ұсынған болатын.

4CD78B13-C52B-4706-B205-7382B45D17A4

Сонымен қатар, «Robomission» секциясы бойынша Назар Таир мен Нугманов Арсен IV орынға табан тіреп, үздік рейтингіге ие болғаны үшін алғысхатпен марапатталды.

Оқушылардың тренері – мектептің робототехника үйірмесінің жетекшісі – Армат Мақсотов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале