9.11.2021, 9:45
Оқылды: 150

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы

Биылғы  жылдың 5 қарашасы күні  ZOOM интернет платформасы арқылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары жəне іске асыру тетіктерін түсіндіру бойынша өңірлердегі ішкі саясат басқарма басшылары және «Рухани  жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің басшыларына вебинар өткізілді.

рух жангыру

Аталған вебинарда «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді. Биыл 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекітуттуралы Жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жобаның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – 3 бағыт, 7 міндеттен тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді.

Жобаның I бағыты: «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту. Мұнда мемлекеттік тілді дамыту міндеті бөлек белгіленген. Жалпы, бұл бағыттың түпкі мақсаты – ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қолдау мен дамыту.

II бағыты: «Ел рухы». Бұл бағыт мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шараларды қолға алуға, сонымен қатар отандық мәдени өнімдерді елге және шет мемлекеттерге танытуға бағытталмақ.

III бағыты «Тәуелсіздік ұрпақтары» деп аталды және бұл еліміздің жастарына арналады. Тәуелсіздік жастарын мемлекеттік тұрғыдан қолдап, жағдай жасау – жобаның негізгі мақсаттарының бірі.
Ол жастардың рухани кемелденіп, кәсіби жетілуін көздейтін үш ауқымды міндетті қамтиды.

Бұл Ұлттық жоба аясында атқарылатын көп жұмыстардың негізгі бағыттары ғана. «Ұлттық рухани жаңғыру»  жобасын  жүзеге  асыру үшін облыстық басқармалардың, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің әлеуеті жұмылдырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізетін боламыз.

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні «Орал өңірі» газетінің электрондық поштасына ҚР Парламенті  Сенатының  біздің  облыстан  сайланған депутаты Нариман Төреғалиевтың  атына хат түсті.  Бұл  материал  бір  топ Сенат  және  Мәжіліс  депутаттарының  аты­нан ҚР  Премьер-министрі  Асқар  Маминнің  атына  жолданған депутаттық  сауалдың  көшірмесі. Осы құжатты Үкімет басшысына жолдаған Парламент  депутаттарының  арасында  еліміздің  басқа  өңірлерінен  сайланғандары  да  бар  екен. Үшбу  депутаттық сауалды  жолдап,  Батыс Қазақстан облысы және біздің өңірмен шекаралас Ресей аймақтарына қатысты ортақ мәселеге жанашырлық  танытқан ҚР Парламенті депутаттарының  баршасына «Орал  өңірі» газетінің мың-сан оқырмандарының атынан ризашылық білдіреміз.

Редакция  алқасы,

zhaikpress.kz

      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале