9.09.2021, 16:07
Оқылды: 109

Ұлттық статистика бюросы «Онлайн халық санағы» атты фейк қосымшаны пайдаланбауға шақырды

Аndroid платформасына арналған PlayMarket сервисінде «Онлайн перепись населения-2021» мобильді қосымшасы пайда болды. Осыған қатысты Ұлттық статистика бюросы аталған платформаның ресми емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ссс

Ол қосымшаны қолдана отырып, санақтан өткен азаматтардың ұсынған бастапқы статистикалық мәліметтерінің құпиялылығы сақталатынына бюро кепілдік бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталында тіркелу және AITU мобильді қосымшасы.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін консультанттары бар санақ бұрыштары ұйымдастырылды. Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады.

Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале