21.01.2026, 17:45
Оқылды: 33

Ұлттық ұлан сарбаздарына жауынгерлік қару табысталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде жас сарбаздарды жауынгерлік қызметке енгізу аясында салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында 2025 жылғы екінші шақырылыммен келген мерзімді әскери қызметшілерге штаттық жауынгерлік қару — Калашников автоматтары табысталды.

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.36.07

Белгіленген тәртіпке сәйкес қару алу кезінде жеке құраммен қауіпсіздік талаптары бойынша міндетті нұсқаулықтар жүргізіліп, сарбаздардың қарумен сауатты әрі жауапты жұмыс істеу дағдыларын айқындайтын сынақтар қабылданды.

Салтанатты шараға әскери бөлімнің қолбасшылығы, офицерлер мен сержанттар, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Марат Абдрахманов қатысты. Ол өз сөзінде жауынгерлік қару алу — әскери қызметтегі маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі екенін атап өтіп, бұл жас сарбаздарға артылған сенімнің, темірдей тәртіп пен жеке жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.36.08

Өз әсерімен бөліскен қатардағы жауынгер Даниил Сладков бұл сәттің өзі үшін ерекше толқытатын әрі өміріндегі ұмытылмас кезеңдердің бірі екенін айтты.

Айта кетейік, белгіленген талаптарға сәйкес қарудың атауы, сериясы мен нөмірі, сондай-ақ табысталған күні туралы мәліметтер әскери қызметшілердің әскери билеттеріне енгізілді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале