9.01.2024, 16:15
Оқылды: 104

Ұлттық Ұлан – Ұлт Қорғаны

Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап бүгінгі күнге дейін үздіксіз дамуын тоқтатпауда. Мемлекеттік деңгейде ата заңымыз енгізіліп, ұлттық валютамыз шығарылды. Тәуелсіз мемлекеттін шекарасы бекітіліп, осы шекаралар мен қатар елдегі тыныштықты күзету мақсатында Ішкі Әскер бүгінде Ұлттық ұлан құрылды. Міне биыл еліміздің қорғаны бола білген ұландықтарға 32 жыл толып отыр.

WhatsApp Image 2024-01-09 at 16.45.35

1992 жылдың 10-қаңтар күні Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін елеулі күн, себебі бұл күні Ұлттық ұландықтар өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды.

Еліміз егемендігін алған уақытта құрылған әскеріміз тәуелсіздік жылдары, мемлекетімізбен бірге дамып бүгінде елдің тыныштығы мен тәртібінің мызғымас тірегі. Ұлттық ұлан жауынгерлері осы өткерген 32 жылдың ішінде өз мәртебелерін иелік етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еш ағаттық жіберген емес. Қазіргі таңда қызмет өткеріп жүрген Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бойындағы патриотизм, адамгершілік, ар-ождан оның дәстүрлері мен бай рухани мәдениетінде жатқаны айдан анық.

Өзінің осыншама қысқа ғұмырында Ұлттық ұлан әскерлері дамудың қиын да күрделі жолдарынан өтіп, «Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан туралы» Заңына сәйкес қызметтік – жауынгерлік міндеттерді толық және табысты атқарып келеді.

Ұлттық ұлан өз мақсаттарын растап, Қазақстан Республикасының ішкі қауіп-қатеріне қарсы әрекет ете алатын, күрделенген кезде құқық қорғау және лаңкестікке қарсы бағыттағы міндеттерді жоғары сапалықпен шеше алатын күшке айналды. Бүгінде ұландықтар өздеріне қойылған міндеттерді жоғары деңгейде атқарып ел тыныштығының қалқаны болуда. Мемлекетімізде орнаған төтенше жағдайлар кезінде, қаншама қатал қақтығыстар кезінде ұлттық ұландықтар бейбіт тұрғындардың тыныштығын сақтау мақсатында өз өмірлерін қиған жағдайлар да ел тарихында аз емес. Мәселен, 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік міндеттерін атқаруда адалдық танытып, қарулы қақтығысты тоқтатып өз өмірлерін ажалға тігіп ержүрекпен танылған жауынгерлер жетерлік. Бұл 32 жылдық тарихы бар ұландықтардың жасаған батыл әрекеттерінің бірі ғана, осындай қайсарлық пен батылдықты талап ететін әрекеттері бүгінгі күнде біршама. Мінеки бұл әрекеттердің барлығы Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бойындағы Отанға деген шексіз сезімді, ыстық ықыласын білдіреді. Жалпы Ұлттық ұлан жауынгерлері өзінің 32 жылдық тарихында қиналғанға, жәбір көргенге, көмек сұрағанға уақытылы көмек көрсетіп, ерге тән іс-әрекеттерді жасауда. Қорыта айтсам Ұлттық ұлан бүгінде ұлт қорғаны, ел тыныштығының сақшысы, еліміз бен жеріміздің мызғымас тірегі. Осы мерекелік кезеңде еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дей отырып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамынын, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ардагерлерін сонымен қатар барша жауынгерлерге қызметінде толағай табыс пен зор денсаулық тілеймін. Ұлттық ұланымыздың абыройы асқақтай берсін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің командиры

подполковник   Сағындық Алқайдаров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале