25.10.2022, 23:11
Оқылды: 15

Ұлттық ұлан жауынгерлері балалар үйінде болды

ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің әскери оркестрі «Жанашыр жүрек» акциясы аясында Орал қаласындағы «Балалар ауылында» болып, шағын концерт ұйымдастырды. 

InShot_20221025_230702713

Кездесу барысында тәртіп сақшылары балалармен отансүйгіштік турасында әңгіме айтып, түрлі сайыстар мен ойындар өткізіп, жасөспірімдерге тәтті сыйлықтар тарту етті. Өз кезегінде Ұлттық ұландық әскери музыканттар плац-дефиле көрсетті.

«Кірген кезде балалардың бойынан бір сағыныш, әке-шешеге деген құрмет сезіліп тұрады. Біз осындай бүлдіршіндерге жәрдемдесуіміз керек. Олардың арасында да ел абыройымен қорғайтын болашақ Отан қорғаушылар, көк туымызды желбіретіп көтеретін мықты спортшылар мен атақты ғалымдар шығуы мүмкін», – деді 5517-әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сәрсенов. Шара соңында әскери оркестрдің дирижеры капитан Олег Файхнер, әскери бөлім атынан баларға денсаулық тілей отырып, алдағы уақытта мұндай іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Ертуған Әубакир, 

капитан

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале