27.09.2026, 14:00
Оқылды: 9

«Ұлы дала заманы: Жайық өңірі және оның тарихи мұрасы»

Орал қаласындағы Атамекен өнер ордасында «Ұлы дала заманы: Жайық өңірі және оның тарихи мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

IMG_20260927_133122

Фото: Мәди Салық

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қолдауымен және «Ұлы Дала Батырлары» қоғамдық тарихи-қайырымдылық қорының бастамасымен ұйымдастырылған алқалы жиында Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени мұрасы, Жошы ұлысының жазба және материалдық ескерткіштері, Жайық қалашығының тарихы, сондай-ақ тарихи мұраны сақтау мен насихаттау мәселелері сөз болды.
Айта кетсек, Алтын Орда дәуірінде Жайық өңірі Еуразия даласындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстар тоғысқан маңызды аймақтардың бірі болды. Өңірдің географиялық орналасуы оны Еділ бойы, Орталық Азия және Дешті Қыпшақ кеңістігін байланыстыратын тарихи-мәдени орталықтардың қатарына шығарды. Жайық бойындағы ортағасырлық қалалар мен қоныстар сол кезеңдегі сауда, қолөнер және мәдени алмасудың дамуына ықпал етті. Археологиялық зерттеулер арқылы табылған қала орындары, тұрғын үй қалдықтары, қыш ыдыстар, теңгелер, әшекей бұйымдар және басқа да жәдігерлер Алтын Орда кезеңіндегі аймақтың экономикалық және мәдени өмірінен құнды мәлімет береді.

Бұл кезеңнің маңызды мұраларының бірі — Жайық қалашығы. Ортағасырлық қалашықтың археологиялық материалдары Жайық өңірінде қалалық мәдениеттің қалыптасқанын және оның Алтын Орда дәуіріндегі тарихи үдерістермен сабақтастығын көрсетеді. Алтын Орда дәуірінің мұрасы тек археологиялық ескерткіштермен шектелмейді. Бұл кезең қазіргі қазақ халқының этномәдени тарихының, дәстүрлі шаруашылық жүйесінің, қала мәдениеті мен сауда қатынастарының қалыптасуындағы маңызды тарихи кезеңдердің бірі саналады. Сондықтан Жайық өңіріндегі Алтын Орда дәуірінің ескерткіштерін зерттеу, сақтау және насихаттау — өңірдің тарихи жадын жаңғыртып, Ұлы дала өркениетінің мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды бағыты.
Конференцияда Жайық өңірінің Алтын Орда дәуіріндегі орны, Жошы ұлысының тарихи мұрасы, ортағасырлық Жайық қалашығы және ұлттық тарихи сананы қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиынды ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ профессоры әрі қоғам қайраткері Жаңабек Жақсығалиев жүргізді.

IMG-20260927-WA0037_edit_130923834425731
Жиынның ашылу салтанатында М. Өтемісов атындағы БҚУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай алғысөз сөйлеп, басқосудың тарихи маңызын атап өтті.
Жайық қалашығы – бүгінгі Орал қаласының тарихи бастауларының бірі. Оның орнын зерттеу арқылы Алтын Орда дәуіріндегі Жайық бойындағы қала мәдениетінің дамуы, қолөнер мен сауда-саттықтың өркендеуі туралы маңызды мәліметтер алуға болады.

«Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің басшысы, «Бұланты шайқасы 1727» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Медеу Бейсенов «Алтын Орда, Жошы хан бабамыздың рухы» тақырыбында баяндама жасап, Жошы хан мұрасының тарихи мәніне тоқталды. Жиында Жошы ұлысының саяси тарихымен қатар оның рухани-мәдени мұрасына да айрықша мән берілді.

Гүлжамал Жолдығали, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале