28.10.2022, 17:00
Оқылды: 37

Ұлытау облысында ғарыш кемесінің сынығы құлады

 Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_10_28_0fd1b750-e21c-4449-8f0a-7b3a279f2338

Қарағандыға қарасты Орынбай ауылы маңындағы ғарыш кемесінің бөлшегі құлаған. Оны ауыл тұрғындары видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Тұрғындар кеменің сынығы азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство құлаған фрагмент «Прогресс МС-21» ғарыш кемесіне тиесілі екенін хабарлады.

«Бұл «Прогресс МС-21» жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. «Роскосмос» мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алып тасталды, олар қауіп төндірмейді», деді баспасөз қызметі өкілдері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале