2.01.2022, 17:00
Оқылды: 44

Үндістанда ғибадатханада болған кептеліс салдарынан 12 адам қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы храмда болған кептеліс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы 13 адам зардап шеккен. Бұл туралы сенбі күні ANI ақпарат агенттігі мәлім етті.

1687FAAE-48A3-4540-AF1B-E4383D269375

Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатха Сингханың айтуынша, бұл оқиға түнде Вайшно-деви үңгір храмында болған. Дұға етуге келгендер арасында жанжал шығып, оның салдарынан кептеліс туындаған.

Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына 200 мың рупий (2,7 мың доллар), зардап шеккендерге 50 мың рупий (670 доллар) көлемінде өтемақы берілетіні туралы мәлімдеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале