4.07.2022, 20:48
Оқылды: 38

Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

Үндістанның Манипур штатында болған көшкіннен қаза тапқандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz The Tribune басылымына сілтеме жасап.

2022_07_04_220701154926096e

Сурет: Egemen.kz

Нони аймағында теміржол құрылыс алаңындағы көшкіннен қаза тапқандар саны артты. Табиғат апатынан көз жұмғандардың 27-сі әскери қызметкер және 15-і бейбіт тұрғын болған.

Жексенбі күні үйінді астынан тағы сегіз адамның мәйіті табылды. Сенбіден бері жауған нөсер жауын мен жаңа көшкін іздестіру жұмыстарына кедергі келтіргендіктен 20 адам әлі табылмай жатыр. Аумақтық армияның 13 қызметкері мен бес бейбіт тұрғыны құтқарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале