Бейсенбі күні Үндістанның шығысында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 9 адам мерт болып, кем дегенде 45 адам жарақат алды, соның ішінде 10 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлік кезінде белгісіз біреулер қолынан қаза тапты Бейсенбі күні Үндістан шығысындағы Батыс Бенгалия штатының Майнагури қаласында Гувахати-Биканер бағдарымен жүріп келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. Қазіргі кезде апат себептері анықталуда. Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілуде. Вагондардың ішінде тағы басқа зардап шеккендер бар екені жоққа шығарылмайды. Батыс Бенгалия билігі пойыз апатынан қаза болғандардың отбасыларына 500 мың үнді рупиясы (6,7 мың АҚШ доллары), ал жарақат алғандарға 100 мың рупиядан (1,3 мың доллар) өтемақы төленетіні туралы мәлім етті.