23.08.2023, 12:15
Оқылды: 25

Үндістанның ірі авиакомпаниясы «Дели – Алматы – Дели» бағыты бойынша тікелей рейсті іске қосады

Мәдениет және спорт министрлігінің және Kazakh Tourism ҰК АҚ қатысуымен IndiGo ірі үнді авиакомпаниясы «Дели – Алматы – Дели» тікелей рейсін іске қосады. Осы бағыт бойынша рейстер қыркүйек айының соңында басталады және аптасына үш рет орындалады.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

2491f2ed-fa79-4674-8059-45133860eda7

Аталған рейс Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына рейстерді орындайтын авиакомпания үшін 32-ші Халықаралық тікелей байланыс саналады. Сондай-ақ, авиакомпанияның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.

Биыл IndiGo компаниясы Skytrax ұсынған «Үндістан мен Оңтүстік Азиядағы үздік бюджеттік авиакомпания» сыйлығының қатарынан 13-ші рет иегері атанды.

- Жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөздер шетелдік авиакомпаниялармен үнемі жүргізіліп тұрады.

Атап айтқанда, соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда.

Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air авиакомпаниясы «Алматы – Маскат» бағыты бойынша, аптасына 2 рет жиілікпен рейсті іске қосты, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале