19.11.2018, 14:31
Оқылды: 63

«Uniserv» – күміс жүлдегер!

Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының Республикалық форумында Орал қаласының «Юнисерв» БПҰ жүлделі екінші орынды иеленді. Салтанатты марапаттау Елбасының жаңа Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасын, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыруға арналған арнайы сессияда болды. Талқылауға Үкіметтің әлеуметтік сала басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары қатысты.

 uniservСессияда партияның бір жылғы жұмысы талқыланып, болашаққа жоспар белгіленді. Форум соңында “нұротандықтар” «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының қорытындысын шығарды. Биылғы жылы 2000-нан астам БПҰ байқауға қатысуға өтінім беріп, олардың тек 50-і ғана республикалық кезеңге жолдама алды.

         «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы – партияның негізі болып саналатын бастауыш партия ұйымдарының жұмысына жігер беретін, партияластардың бірігуіне ықпал жасайтын, партияның жергілікті жерлерде жұмыс істеуіне мотивация беретін бірегей байқау.

         – Бүгінде БПҰ – Елбасының, партия Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын әр партия мүшесіне жеткізетін үлкен құрал.

         – Біздің компаниямыз да еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында БҚО ірі жол торабы Орал-Тасқала күре жолының Ресей шекарасына дейінгі аумағының құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, – деді «Uniserv» БПҰ төрағасының орынбасары Әлия Масалимова.

         «Uniserv» бастауыш партия ұйымы 2015 жылдың 19 маусым күні құрылды. Бүгінде бастауыш партия ұйымының 65 мүшесі бар. БПҰ төрағасы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, 2013 жылдан бастап партия мүшесі, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі комиссиясының мүшесі Нұрғазы Сәтбаев.

         Нұрғазы Сәтбаев бастаған «Uniserv» бастауыш партия ұйымы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында жыл сайын «Жеңіс үшін рақмет!» акциясын өткізеді. 2018 жылы бастауыш партия ұйымының мүшелері Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, алғыстарын білдіріп, мерекеге материалдық сыйлықтар табыс етті.

         Нұрғазы Сәтбаев батысқазақстандықтарға түрлі мәселе бойынша көмек көрсетеді. «Нұр Отан» партиясының облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне депутатқа Қайырғали Ғұбашев өзінің ұлының отбасына тұрғын үй алаңын

кеңейтуге көмек көрсету туралы өтініш білдірген болатын. Халық қалаулысы көмек қолын бірден созды. Бұл көптеген игі істің бірі ғана.

         Айта кетейік, бұл бәсі биік байқаудағы Батыс Қазақстан облысы бастауыш ұйымдарының бірінші жүлдесі емес. Екі жыл бұрын «Ақсайгазсервис» ұйымы республика деңгейінде осындай орыннан көрінді. Ал облыс орталығындағы «Батыс Энергоресурсы» бастауыш ұйымының жұмысы оң бағаланып, былтырғы жарыстың жеңімпазы атанған еді.

 Назгүл ҚОЖАНБАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы

БҚОФ баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале